Кулер для воды. Применение и как выбрать / Суға арналған кулер. Қолдану және таңдау нұсқаулары
23 февраля, 2021
Кулер (от англ. to cool — «охлаждать») — устройство для охлаждения, нагрева и раздачи бутилированной воды.
Аппараты охлаждения используют воду из бутылей емкостью 12 или 19 литров. Кулеры бывают настольными и напольными, с верхней или нижней загрузкой бутылей. Принцип их работы прост: из бутыли вода попадает в распределительную систему: сначала в бак для холодной воды, затем в бак горячей воды. Температуру воды поддерживают датчики, периодически запускающие работу систем охлаждения и нагрева. Для охлаждения воды есть два варианта: оно бывает либо компрессорным, либо электронным (с элементом Пельтье). Аппараты с компрессорным охлаждением дороже, но надежнее и эффективнее.
В большинстве случаев, настольный кулер выбирают для использования дома. При этом, львиную долю продаж среди настольных кулеров для воды составляют модели эконом-класса с электронным охлаждением. Поскольку для использования дома, как правило, большая производительность кулера по охлаждению не требуется.
Отдельно стоящий напольный кулер является оптимальным выбором в офисе организации, учреждения или на производстве. Имея в большинстве случаев габариты в пределах не более 40 см. (ширина и глубина соответственно), напольный кулер легко размещается практически в любом помещении.
Какой выбрать кулер?
Принципиальных отличий по техническим характеристикам между напольным и настольным кулером нет. Приобретая настольный кулер, заранее подумайте о столе, который будет служить подставкой для аппарата. Напольный кулер подставки не требует и часто в таких моделях «лишняя» часть корпуса используется под шкафчик для посуды, небольшой холодильник или шкаф-озонатор. Напольные модели, как правило, несколько дороже своих настольных образцов.
В кулерах существуют два вида охлаждения: электронное и компрессорное. Компрессорное охлаждение аналогично используемому в холодильниках. Отличается отменной надежностью, более высокой ценой и лучшей производительностью - жарким летом напоит холодной водой всех жаждущих. Компрессорные кулеры в основном делают напольными, но есть и настольные модели,правда по габаритам они несколько больше, чем аналогичный электронный настольник.
Модели с термоэлектрическим (электронным) охлаждением - проще в эксплуатации и ремонте, аппарат ощутимо легче по весу и обычно дешевле по стоимости. Недостаток один - в очень жаркие дни производительность такого кулера зачастую не поспевает за потребностью его хозяев в холодной воде. Это касается тех случаев, когда в помещении вместе с кулером трудится человек пять и более. В других ситуациях электронный кулер не подведет.
Какое охлаждение выбрать?
Тут всё зависит от того какое количество человек будет пользоваться кулером и где будет находиться сам аппарат. Все дело в том, что в электронном кулере охлаждение происходит при помощи электронного модуля, что позволяет охлаждать воду до 10-15 градусов Цельсия. Недостатки этого охлаждения в том, что охлаждение происходит медленнее компрессорного и поэтому рекомендованное количество пользователей 5-7 человек. Так же не рекомендуется устанавливать кулер с электронным охлаждением в пыльных, плохо проветриваемых помещениях. Также не рекомендуется устанавливать кулер с электронным охлаждением в помещениях с высокой температурой, просто придётся очень долго ждать холодной воды. Такой кулер больше подходит для домашнего использования или в офисах с небольшим количеством сотрудников. В кулерах с компрессором возможна регулировка температуры воды, охлаждение происходит быстрее, кулер независим от температуры окружающей среды и очень надёжен. Устроен он по принципу холодильника.
Охлаждение воды в кулере с электронной системой происходит посредством полупроводникового термоэлектрического модуля. Электрический ток, проходя через термопары, создает эффект разности температур, иными словами, заставляет одну из пластин нагреваться, а другую – охлаждаться. Одним и существенных минусов «электронных» кулеров является небольшая производительность – около одно литра (5-6 стаканов) воды в час, чего, безусловно, недостаточно при использовании кулера в людных местах. Также стоит отметить возможность охлаждения воды максимум до 12-15°C, этого может оказаться недостаточно в очень жаркие летние дни.
Принцип охлаждения в компрессорных кулерах аналогичен применяемому в холодильниках и некоторых кондиционерах. Кулеры с компрессорным охлаждением характеризуются как очень надежные и высокопроизводительные аппараты. Как правило, подобные модели способны охлаждать до 2-3 литров воды в час, а у отдельных моделей этот показатель достигает и пяти литров. При этом вода охлаждается до 5-7°C. В каждом конкретном случае к приобретению кулера следует подходить индивидуально, ориентируясь на будущие эксплуатационные условия.
Рекомендуется выключать кулер на ночь (хотя многие пренебрегают этим, а их кулеры работают без проблем в течение двух-трех лет - практически непрерывно).
Кулер (ағылш. to cool — «салқындату») — шөлмектерге құйылған суды салқындатуға, жылытуға және таратуға арналған құрылғы.
Салқындатуға арналған аппараттар сыйымдылығы 12 немесе 19 литр шөлмектердегі суды пайдаланады. Кулерлер үстел үстіне орнатылатын және еденге қойылатын, шөлмегі үстінен немесе астынан орнатылатын түрлері болады. Олардың жұмыс ұстанымы өте қарапайым: шөлмектегі су тарату жүйесіне: алдымен суық су багына, кейін ыстық су багына беріледі. Салқындату және жылыту жүйелерін мерзімді түрде іске қосатын датчиктер судың температурасын сақтауға мүмкіндік береді. Суды салқындатудың екі түрлі нұсқасы бар: ол компрессорлы немесе электронды болады (Пельтиер элементімен). Компрессорлық салқындатылатын аппараттардың бағасы қымбат, дегенмен, олар сенімді және тиімді.
Үй жағдайында қолдану үшін көбінесе үстелге орнатылатын кулер таңдалады. Бұл жағдайда, үстел кулерлерінің арасында сатылымның басым бөлігі электронды салқындататын эконом санаттағы модельдерге тиесілі болып табылады. Үйде қолдану үшін кулердің суды салқындату бойынша жоғары өнімділігі қажет болмайды.
Еденге орнатылатын, жеке тұрған кулер ұйымдар мен мекемелер кеңсесіне немесе өндіріс орнына орнатылады. Көп жағдайда өлшемдері 40 см аспайды (сәйкесінше ені және тереңдігі), еденге орнатылатын кулер кез-келген ғимаратқа жеңіл орнатылады.
Кулерді қандай таңдау керек?
Еден және үстелге орнатылатын кулерлердің техникалық сипаттамалары арасында айтарлықтай айырмашылықтар жоқ. Үстел кулерін сатып алу барысында аппараттың тұғыры ретінде нені пайдалануға болатынын алдын ала ойланыңыз. Еден кулеріне тұғыр қажет болмайды және көп жағдайда корпусының «бос» бөлігі ыдысқа арналған шкаф, шағын тоңазытқыш немесе озонатор-шкаф ретінде қолданылады. Негізінен еденге орнатылатын кулерлер, үстелге орнатылатын үлгілеріне қарағанда біршама қымбат.
Кулерде суды салқындатудың екі: электронды және компрессорлық түрі болады. Компрессорлық салқындату тоңазытқыштарда қолданылатын салқындатуға ұқсас. Ол жоғары тиімділігімен, біршама жоғары құнымен және жоғары өнімділігімен ерекшеленеді, жаздың ыстық маусымында көп адамды шөлден құтқара алады. Компрессорлық кулерлер негізінен еденге орнатылатын болады, дегенмен үстелге орнатылатын үлгілері де бар, олардың өлшемдері теңдес электронды түрлерінен үлкендеу болады.
Термоэлектрлік (электронды) салқындатқыш үлгілерін пайдалану және жөндеу оңай, аппараттың салмағы да біршама жеңіл және бағасы да арзан болып келеді. Бір кемшілігі бар- аптап ыстық күндерде осындай кулердің өнімділігі көбінесе иелерінің суық суға деген қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Бұл кулер орнатылған ғимаратта бес адамнан артық қызметкер жұмыс жасайтын жағдайға қатысты болады. Басқа жағдайларда электронды кулер толықтай көңіліңізден шығады.
Кандай салқындату түрін таңдау қажет?
Бұл кулерді қанша адам пайдаланатынына және апараттың қай жерге орналастырылатынына тәуелді болады. Мысалы, электронды кулерде салқындату электронды модуль арқылы жүзеге асырылады, бұл суды 10-15 градус Цельсиге дейін салқындатуға мүмкіндік береді. Бұл салқындатудың кемшіліктері-салқындату компрессормен салыстырғанда баяу, сол себепті ұсынылатын пайдаланушылар саны 5-7 адам болуы керек. Сонымен қатар электронды салқындататын кулерді, шаңды, нашар желдетілетін ғимараттарға орнатуға болмайды. Температурасы жоғары ғимараттарға да электронды салқындататын кулер орнату ұсынылмайды, себебі, бұл жағдайда судың салқындауын ұзақ күтуге тура келеді. Осындай кулерді үйде немесе қызметкерлер саны аз кеңселерде пайдалану ыңғайлы болады. Компрессоры бар кулерде судың температурасын реттеуге болады, салқындату жылдам жүреді, кулердің жұмысы қоршаған орта температурасына тәуелсіз және өте тиімді болады. Ол тоңазытқыш ұстанымы бойынша әзірленген.
Электронды жүйесі бар кулерде суды салқындату жартылай өткізгішті термоэлектрлік модуль арқылы жүзеге асырылады. Электр тоғы сезімтал жұптар арқылы өтіп, температура айырмашылығының әсерін тудырады, атап айтқанда, пластиналардың бірін қыздырады, ал екіншісін салқындатады. «Электронды» кулердің басты кемшіліктерінің бірі - өнімділігінің төмен болуы - бір сағатта шамамен бір литр (5-6 стақан) су салқындатылады, бұл кулерді адам көп жиналатын жерлерде пайдалану кезінде жеткіліксіз болып табылады. Сондай-ақ, суды максималды 12-15°C дейін салқындату мүмкіндігін атап өту керек, бұл жаздың өте ыстық күндерінде жеткіліксіз болуы ықтимал.
Компрессорлық кулердегі салқындату ұстанымы тоңазытқыштар мен кейбір кондиционерлерде қолданылатын салқындатуға ұқсас. Компрессорлы салқындататын кулерлер аса сенімді және өнімділігі жоғары аппараттар ретінде сипатталады. Негізінен, аталған үлгілер сағатына 2-3 литр суды салқындатуға қабілетті, ал кейбір үлгілерінің көрсеткіштер бес литрге дейін жетеді. Бұл жағдайда су 5-7°C дейін салқындатылады. Әрбір нақты жағдайда кулерді сатып алу барысында болашақ пайдалану талаптарын ескере отырып, жеке шешім қабылдау керек.
Түнгі уақытта кулерді сөндіріп қойған дұрыс (дегенмен, көптеген адамдар оны ескермейді және олардың салқындатқыштары екі-үш жыл бойы үздіксіз жұмыс жасауы мүмкін).